Home
< back | 0 - 10 |  
Аскар [userpic]

Құжатқа қойылған қолтаңба

January 8th, 2008 (02:57 am)

 Әлімжан Тұрысбек:  Кейуана қолтаңбамды төлқұжатына қойдырып алды      
 «Хабар» арнасынан «Көрікті мекен» фильмін көріп, еріксіз көзіңізге сіз де, көрермен, жас алған шығарсыз. Көпшілік көрермен Қытайдағы қазақтардың тұрмыс-тірлігіне тәнті болғаны жасырын емес. Фильмнің сәтті шыққаны сол, әрі ондағы жас актердің өзін көрсете білгені – Әлімжанға шақыртулар толастамапты. Нәтижесінде қытай қазақтары Әлімжан басты рөлдерде сомдаған бірнеше фильмді тамашалап үлгерді.
Әлімжан – 25 жаста. Қазірде ол Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенті.

Аскар [userpic]

Киіз – ұлттық бренд бола ала ма?

January 8th, 2008 (02:16 am)



                                                                                                                                  

Киіз атаулының қазіргі таңда қолданыстан «ауылы алыстап» бара жатқаны жасырын емес. Киіздің құдіреті сол оған хандарды ораған. Қазаққа баспана болған қара киіздің қадірін, әсіресе қала қазақтары да түсінер емес. Жарқын болашақта Ақтөбеде қой жүні өндірісі жемісін бере бастауы мүмкін. 

Аскар [userpic]

Қатыгез жүйенің құрбаны

January 7th, 2008 (05:19 pm)

Республикалық «Время» апталығының өткен бір санында тараздық журналист Галина Выборнованың “Терпилы” со школьными ранцами» деген тақырыппен мақаласы жарық көрді. Онда көтерілген әлеуметтік мәселе біздің де қоғамымызға жат емес. Сондықтан аталған мақаланы аударуды жөн көрдік.
 
Бүгінде Тараз қаласында кез келген ана баласы үшін алаңдаулы. Мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары тәртіп сақшыларының жіті қадағалауына алынды. Балаларды бопсалау жүйелі сипатқа ие болып барады. Ересектер тарапынан қорған көре алмаған жасөспірімдер өздерін өлімге тігуде. Қиындықтан арылудың амалы олар үшін өлім сияқты.
Ол асыққан. Тіпті соңғы өлім алды хатын да қатемен жазыпты. Төменнен «Дос, шық!» деп шақырады, телефон безілдеп барады. Үйдің де қоңырауы маза берер емес. Қолдары иесіне бағынар емес. Дәптердің парағына “Апа, мені өлімге Темірханов Хәкімжан итермеледі. Барлығын сол істеді. Апа сіз жыламаңыз... Сау болыңыз”.

Аскар [userpic]

Шәмшінің көшесінде Шри Чинмойдің әуені естіледі

January 2nd, 2008 (12:47 am)

             


Барлығы Шәмшінің көшесіндегі (бұрынғы Скулкин көшесі, Ақтөбе – ред.) дәмханалардың бірінен басталды. Мұнда даяшы әйелдер үндінің ұлттық киімі - сариге оранған. Дәмхананың тағы бір ерекшелігі тағамға ет атаулыны пайдаланбайды.

Аскар [userpic]

Қайда жүрсең де еліңді жерге қаратпа, қазақ жасы!

December 20th, 2007 (10:17 pm)

 
                                                                                                         
                                                             
Қытай асқан қазақстандық жастар туралы не білеміз? Олар аспан асты елінде өздерін қалай ұстайды? Жауапкершілікті сезіне ме? Ал оларды аттандырған Қазақстан жағы тәрбие жұмыстарына қаншалықты араласады? Қытай оқуынан біздің жастар неге шығарылады? Білім қалтаның қалыңдығымен өлшене ме? 
    
 
                                   

Аскар [userpic]

Еркiн микрофон (aktleuov@list.ru)

December 5th, 2007 (12:42 am)

                                   

 
Наталья Бандровская, «РИКА» медиа тобының («Рика» телекомпаниясы, «Эврика» газеті, «Ақтөбе» радиосы) президенті: Тендерлерді қашанғы мемлекеттік БАҚ иелене бермек?
 
Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС (облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері) директоры: Егер БАҚ тәуелсіз болса, қаражаты жағынан да тәуелсіз болсын

Аскар [userpic]

Ақтілеудің Ақ түйесі

December 4th, 2007 (03:33 am)

 
Жануардың киелісі...

Аскар [userpic]

"Нағыз ЖІГІТТЕР" тобы

December 4th, 2007 (03:29 am)

  

Аскар [userpic]

Майра Мұхамедқызы - алғашқы қар туралы

December 3rd, 2007 (12:36 am)

 Майра Мұхамедқызы:

- Кішкентайында қандай бала қармен ойнамасын?!. Мен туып өскен Құлжа қаласында (Қытай) қар қалың болатын. Біздің үйіміз биік болатын. Содан кішкентай балалар болып, үйдің төбесіне мінеміз де, шатырдың қарын тазалаймыз. Қораның төбесіндегі қарды аршимыз. Төбеден түскен қар биік тауға айналады. Содан шатырдан қатар тұрып алып, әлгі тауға секіретінбіз.

Аскар [userpic]

Түбінде ата-баба еліне ораламын

December 3rd, 2007 (12:20 am)


                                                                                             

Ермұхамет Иманғазыұлы, Қытайдағы қазақ суретшісі:
 
«Түбінде ата-баба еліне ораламын»
 
Назарларыңызға Қытайдағы бауырымыз Ермұхамет Иманғазымен болған сұхбатты ұсынамыз. 26 жастағы суретшінің шығармаларынан табиғаттың тамаша көріністерін және ұлттық нақыштағы суреттерді көруге болады.

< back | 0 - 10 |